29.05.2020, 9:22
Оқылды: 46

Тәжік-Ауған учаскесінде болған әскерилерге анықтама Шекара қызметінің мұрағатынан беріледі

Тәжік-Ауған учаскесінде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан азаматтарға мұрағаттық анықтама Шекара қызметінің мұрағатынан беріледі, деп хабарлайды ҚР ҰҚК сайты.

2D79FCC6-B011-4ED1-B5CE-6839F4B500C0

2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының №322-VI «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес, Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД-ның шекарасын күшейтуіне қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері басқа елдер аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер санатына қосылған.

«Шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметшілері жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқанын растау анықтамаларын алу қажеттілігін ескере отырып, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мұрағатына өздігінен өтініш білдіріп, Алматы қаласында Наурызбай батыр көшесіндегі 77-үйге хабарласуына болады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, таяуда Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойған болатын. Заң жобасының негізгі мақсаты – ардагерлерді әлеуметтік қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерді жүйелеу, қайта қарау және ардагерлердің жаңа санаттарын қалыптастыру. Негізгі жаңа өзгерістер әлеуметтік төлемдерге қатысты болып отыр.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале