12.03.2024, 17:14
Оқылды: 55

Тәжікстан Қазақстанның білім саласындағы тәжірибесін зерделейді

Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева Тәжікстан Білім және ғылым министрінің орынбасары Абдулзод Зиедулломен кездесті. Тараптар екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының перспективаларын талқылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

c30f1be48eb9f0ae259a6143e3781216_1280x720

Елімізге сапары барысында тәжік делегациясы РІЅА халықаралық рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстанның тәжірибесін зерделейді.

«Жаңа жобалар мен бастамалар біздің бірлесіп жұмыс істеуімізге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге кең мүмкіндіктер ашады. Біздің білім беру саласындағы ынтымақтастығымыз халықтарымыз бен мәдениеттерімізді одан әрі жақындастыруға ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Наталья Жұмаділдаева.

2382bf4bc4655e94b950063f95a6aba8_1280x720

Естеріңізге сала кетейік, PISA нәтижелері бойынша Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша үздік 50 елдің қатарына кірген болатын. Жаратылыстану пәндерінен көрсеткіштерді 26 баллға арттырып, математика және оқу бойынша нәтижелерді сақтап қалды. Сапар аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Тәжікстан Білім және ғылым министрлігінің Білім академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Фото: www.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале