10.01.2026, 10:00
Оқылды: 194

Тәжікстан NAN балалар тағамын сатуды тоқтатты

Тәжікстанда NAN брендімен Nestlé балалар тағамын сатуға және пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлайды NIAT Khovar.

IMG_6313

Фото: Ховар

Тәжікстан Республикасының Стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы агенттігінің мәліметі бойынша, аталған өнімдер нормативтік талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан оларды сату тоқтатылды және өнім кері қайтарылып алынуы мүмкін.

Азаматтарға өнімдерді пайдаланбауға, ал егер сатып алған болса, сатып алған жеріне қайтаруға кеңес беріледі.

Импорттаушы компания өкілдерімен бірлесіп жұмыс істейтін Тәжікстанстан сауда инспекциясының қызметкерлері қазіргі уақытта қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Бұған дейін Nestlé компаниясының Қазақстанда балалар тағамының шектеулі мөлшерін кері қайтарып алатыны хабарланған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале