20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді. Мәдениет күндері аясында бірқатар ірі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Сурет: министрліктен
20 тамызда Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді.
22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.
Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылады.
Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.