19.11.2023, 11:09
Оқылды: 50

Театр қоржынында 4 бірдей жүлде!

Атырау қаласында 13-18 қараша күндері өткен Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған I Республикалық театрлар фестиваліне Орал қаласының атынан Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры А.Бақтыгереева, М.Омарованың "Жұбан" поэтикалық драмасымен қатысты.

IMG_6790

Ұлттық рухымызбен тарихымызды дәріптейтін "Жұбан" поэтикалық драмасы 4 бірдей жүлдеге лайық деп танылды, деп хабарлайды театрдың ақпарат бөлімі.

Жүлделі І орынмен қатар, Жұбанның анасы Зеріп рөлі үшін "Парасат" орденінің иегері, актриса Нұрлыгүл Жұбатова "Үздік әйел адам бейнесі" номинациясымен, қойылымның режиссері Гаухар Адай "Үздік режиссер" және бала Жұбан рөлі үшін театр актері Рауан Таймас "Екінші пландағы ер адам бейнесі" жүлдесімен марапатталды.

IMG-20231119-WA0018

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале