Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің мәлімдеуінше, Telegram-мен жергілікті өкіл тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілген. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: pixabay.com
«Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатылған», - деді ол.
Заңнамаға сәйкес Қазақстанда Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет платформаларының өз өкілін тағайындау міндеттелмек.