Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында отандасымыз Темірлан Көлбай алтын медаль иеленді, деп хабарлады Qazsport.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Жерлесіміз финалда +98 келі салмақ дәрежесінде моңғолиялық Пуревдорж Дамдинсуреннен басым түсті.
Әлем біріншілігінде 470 спортшы бақ сынауда. Ал ел намысын 28 спортшымыз қорғап жатыр.