Теміртауда ЖЭС-2 қазандығында монтаждау жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты. Ол биіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 2022 жылғы 16 маусымда ЖЭС-2-нің №7 қазандығында монтаждау жұмыстары кезінде адам өліміне әкелген апат болды. 1986 жылы туған қызметкер биіктен құлап, алған жарақаттарынан мерт болды, - деп хабарлады «AB Construction» ЖШС баспасөз қызметі.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.