Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысының алдында теңге бағамына қатысты пікір білдірді, - деп жазады kaz.inform.kz.

Сурет: gov.kz
- Кеше Ұлттық банк теңге бағамының қазіргі жағдайына байланысты интервенция жасамайтынын хабарлады. Жалпы қандай сценарийде интервенция жасайсыздар? - деп сұрады журналист.
Ұлттық банк басшысының орынбасары ондай сценарий жоспарда жоқ екенін айтады.
- Ұлттық банк дәл қазіргі сценарийде интервенция жасап жатқан жоқ. Оның қажеттілігі де жоқ. Өйткені өздеріңіз де білесіздер, біріншіден, барлық квазимемлекеттік кәсіпорындар өздерінің валютамен алынған түсімдерін міндетті түрде биржада сату керек. Яғни, доллардың ұсынысы бар. Екіншіден, Ұлттық қордың арнайы міндетті трансферттері бар – кепілдендірілген және мақсатты трансферттер бар. Сол бойынша графикпен дұрыс сата білсек, ұсыныс сұранысты толығымен қанағаттандыра алады. Яғни, дәл қазір байбалам салатын нәрсе жоқ, - деді Ерұлан Жамаубаев.