Олимпиадалық даярлау орталығында 8 тамыз күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасынан ел намысын қорғайтын спортшылар есімі белгілі болды. Бұл туралы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының баспасөз қызметі
Еліміздің ең үздік 6 теңге ілушісі Көшпенділер ойындарына тікелей жолдама беретін 3 орынды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатысты. Спортшыларымыз «қос құлаш», «бес белес», «жеті құт» стилдері бойынша бақ сынады. Қорытындылай келе, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын «бес белес» стилінен Бекнұр Серіков, «жеті құт» стилі бойынша Бақыт Төлтай, ал «қос құлаш» стилінен Рахат Қамбаров қорғайды.
Теңге ілуден 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы келесідей:
Еске сала кетейік, теңге ілуден 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада болады. Ал Ойындарда теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында Этноауыл аумағында өтеді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі – Halyk Bank.
Барлық жарысқа билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.