14.12.2020, 12:10
Оқылды: 33

Теңіз кенішінде 30 жұмысшы коронавирус жұқтырды

Көршілес Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 30 жұмысшы коронавирус инфекциясына шалдықты.

48E469D2-588E-461B-88B4-2D59F889BA96

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше Атырау облысында 58 адамнан қауіпті індеттің табылғаны ПТР арқылы расталған.

«Коронавирус инфекциясына Атырау қаласынан - 13, сондай-ақ, Теңіз кенішінен 30 жұмысшы шалдықты, Ал Жылыой ауданынан - 10, Құрманғазы ауданынан 5 адамда Сovid-19 белгісі анықталды. Науқастардың сегізінде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 9 адам емделіп шықты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Өңірде 229 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Сондай-ақ облыстық инфекциялық стационарда - 49, аудандардағы инфекциялық стационарда - 6, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарында 229 пациент ем қабылдауда. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі стационарда 200 науқас емделіп жатқанын жазған едік.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале