Индиан-Уэллсте (АҚШ) WTA-1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымының матчы өтті, онда 23 жастағы қазақстандық Елена Рыбакина мен 22 жастағы ресейлік Варвара Грачева бас қосты.
Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
Фото: olympic.kz
Қазақстанның алғашқы ракеткасы 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 20 инутқа созылды. Елена төрт рет қайтарылымсыз соққы жасады, үш реттік екілі қателестікке жол беріп, 12-ден 7 брейк-пойнтты іске асырды.
Ширек финалда Рыбакина Чех Каролина Муховамен ойнайды (әлемдік рейтингтің 76-шы нөмірі). Ойын 16 наурызда өтеді.