29.08.2025, 12:00
Оқылды: 224

Теннисші Александр Бублик US Open-2025 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан теннис құрамасының өкілі Александр Бублик Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан US Open-2025 ірі турнирінің үшінші кезеңіне шықты, -деп жазады olympic.kz.
1756444197
Сурет: olympic.kz
Екінші матчта ол аустралиялық Тристан Скулкейтті жеңді.

Ойын 6:3, 6:3, 6:3 есеппен аяқталды. Матч 1 сағат 45 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 6 қос қателік жіберді және 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале