27.11.2023, 16:00
Оқылды: 3

Теннистен әлем чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан Жапониямен ойнайды

Теннистен Билли Джин Кинг кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

 racket-6308994_1280

Фото: pixabay

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сатысында Жапониямен ойнайды.

Матч алдағы жылы 12-13 сәуір күндері Жапонияда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады. Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өз тарихында екінші рет бақ сынаған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале