4.04.2025, 12:00
Оқылды: 200

Теолог маман әскери қызметшілермен кездесті

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті.

WhatsApp Image 2025-04-04 at 12.24.21

БҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысы Мейрамбек Қабдоллин әскери қызметшілерге діни сауаттылықтың маңызы, зайырлы құндылықтарды сақтау және деструктивті идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру туралы айтты. Кездесуде діни экстремизмнің әскери ортаға ықпалы, жалған діни идеологиялардың таралуы және оған қарсы күрес жолдары талқыланды.

Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілердің рухани тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алғаны үшін алғыстарын білдірді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале