Жақында "Өркен" комьюнити орталығының ұйымдастыруымен "Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі" тақырыбында теолог маманмен кездесу өтті.
Шараға Орал орталық мешітінің найб имамы және Дін істері басқармасының теолог маманы Наурыз Убаев қатысып, оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде дәріс берді.
Діни экстремизмнің алдын алу жөнінде жұмыстар, салт-дәстүрді сақтау, ұлттық құңдылықтарды насихаттау, отансүйгіштік, рухани- адамгершілік, азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыру, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу мақсатында балаларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні туралы ақпарат берілді.
Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мағлұмат, рухани әсер алды.
ҚМДБ-ның БҚО баспасөз қызметі