2.09.2020, 11:24
Оқылды: 91

Теректі ауданы әкімі орынбасарының тәртіптік ісі қаралды

1 қыркүйек күні видеоконференцбайланысы режимінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Меммм

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға қатысты бірқатар мәселелер және Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қ.Шарафутдинге қатысты тәртіптік іс материалы қаралды.

Алдымен, Кеңес отырысында мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі бойынша жұмыс қорытындыларын қарау шеңберінде Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында 2020 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды.

Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес тарапынан Жәнібек, Казталов, Теректі аудандары мен Орал қаласы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметтерімен атқарылған жұмыс нәтижелеріне қатысты бірқатар сын айтылып, барлық жергілікті атқарушы органдар басшылары атына, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және оны ішкі бақылау жұмыстарын күшейту мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстар берілді.

Теректі ауданы әкімі аппаратының қызметтік хаты негізінде тиесілі құжаттарды рәсімдемей, қызметтік тұрғын үйде тұру және төтенше жағдай кезінде бөлінген жанар-жағар майды пайдалану барысында сәйкесінше құжаттарды рәсімдемеу мәселелері бойынша Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдинге қатысты тәртіптік іс материалы қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, соңғыға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Теректі ауданы әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале