Қазір аудан орталығындағы бұрынғы қонақүйдің ғимаратына бейімделген емхананың жағдайы сын көтермейді. Келушілер саны күн санап артып келеді, ескі ғимарат тарлық етуде. Бұл жайлы аталған ауданның әкімі Әділ Жоламанов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысуда.
-Бұл мәселе республикалық деңгейде талқыланған болатын. Жоспарымыз іске асқан жағдайда, орталық аурухана жанынан 200 адамды қабылдайтын емхана салынатын болады.
Мемлекеттік бағдарламалар арқасында ауданда денсаулық сақтау саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Былтыр 4 санитарлық автокөлік алынды.
Ауданға 14 дәрігер: акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, эндокринолог, реабилитолог, онколог, офтальмолог, психиатр, УДЗ дәрігері қажет.
Бұл бағытта, медициналық жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандармен алдын ала жасалған келісімдер бойынша, 2019 жылы ауданға 7 маман дәрігер келді. Жас дәрігерлер қызметтік үйлермен қамтылып, көтерме жардемақылары төленді. «Жас келсе – іске» демекші ауданымызға жас дәрігерлерді жұмысқа шақырамыз. Біз өз тарапымыздан сіздерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз,- деді Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер