2019 жылы Теректі ауданы бойынша жалпы көлемі 46 мың гектар болатын пайдаланбай жатқан 66 жер телімі анықталған.
-Жер иелеріне хабарламалар жіберген болатынбыз. Нәтижесінде 30 мың гектар болатын 40 жер участкесі тексеруге жолданып, 1 шаруашылыққа нұсқама табысталды. 1300 гектар болатын 3 жер телімі ауданның арнайы жер қорына қайтарылды. 15 мың гектардай болатын 23 жер телімін пайдаланушылар өңдеуге кірісті. Игере алмауы және жалдау мерзімдері аяқталуына байланысты мемлекеттік босалқы жер қорына жалпы көлемі 27 мың 641 гектар болатын 47 жер телімі қайтарылды.
Қайтарылған жерлерді айналымға енгізу мақсатында аудан бойынша 14 мың 961 гектар жер 40 лоттан тұратын 4 конкурсқа шығарылды. Сонымен қатар коммерциялық бағыттағы жер телімдерін ұсыну бойынша көлемі 22 гектар жер 17 лоттан тұратын 5 аукционға шығарылды. Аукцион нәтижесінде жергілікті бюджетке 2 млн. теңгеден астам қаражат түсті,- деді аудан әкімі Әділ Жоламанов.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер