1.10.2019, 16:14
Оқылды: 107

Теректіде 27 жер телімі ауданның жер қорына қайтарылған

Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламановтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

 zemelny uchastok

Теректі ауданында тұрғын үй салу үшін жер сұраған 9 944 азамат кезекте тұр. Биыл тұрғын үй салуға Юбилейное ауылында - 234, Шаған округінде - 632, Ақжайық ауылында 43 жер телімі берілген.

-Федоровка ауылында берілетін 528 жер телімін электр желісімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Алаңдар дайындалады. Коммуникация өткізілгеннен кейін жер телімі кезек ретімен беріледі.

Жалпы жер пайдалану мәселесі бізде қатаң бақылауда. Аудан аумағы 796 757 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 487 668 гектар жыл басынан бері 24 лот бойынша 1 3345 гектар жер теліміне конкурс және 5 лотқа 6,8 гектар аукцион өткізілді. Пайдаланылмай жатқан 22 460 гектар 27 жер телімі ауданың жер қорына қайтарылды, - дейді Әділ Тауфиқұлы.

Айта кетейік, «Qoldau» порталына 147,8 мың гектар. 568 егіс алқабы, 147,2 мың гектар жайылым, 17,1 мың гектар 61 шабындық енгізілген.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале