"Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпараттық мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығының талаптарына сәйкес облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының аумағында 2022 жылғы 14 қаңтардан бастап 14 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты "сары" деңгейі енгізілді.
Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын ұстануды сұраймыз.
БҚО Полиция департаменті