Жаңа оқу-жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс көлемі 50 мың орынға артады. Жалпы колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мыңнан астам талапкер қабылданады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мемлекеттік тапсырысты техникалық мамандықтарға қайта бағдарлау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылы техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі 60%-ға көбейді», - дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.