28.10.2025, 15:30
Оқылды: 164

Тез ұйықтап кету үшін кешкі асқа қандай өнімдер қосу керек?

Сомнолог Валерия Бонадыкова тез ұйықтап кету үшін кешкі асқа қандай өнімдер қосу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Woman sleeping in bed at night, above view. Space for text

Фото: istockphoto.com

Маман ұйқы гормоны мелатониннің түзілуіне қатысатын аминқышқыл триптофанға бай тағамдарды жеуді ұсынады: күркетауық еті, балық, жұмыртқа, сүт, сұлы жармасы, тұтас дәнді нан.

"Күрделі көмірсулар триптофанның жақсы сіңуіне көмектеседі", - дейді ол.

Кешке аздаған жасыл жапырақты көкөністер не жаңғақтар жеу пайдалы: олардың құрамындағы магний мазасыздық пен бұлшықет кернеуін төмендетеді. Ұйқыны жақсартатын сусындар ретінде шөп шайларын атады: түймедақ, мелисса немесе лаванда.

"Майы аз жылы сүт те серотонин мен мелатониннің түзілуін ынталандырып, тезірек ұйықтауға көмектеседі", - деп қосты Бонадыкова.

Ал кофе, алкоголь, газдалған сусындар, қою шай және энергетиктерден бас тартқан дұрыс: олар жүйке жүйесін қоздырып, ұйқы фазаларын бұзады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале