31.03.2023, 11:00
Оқылды: 48

Tiktok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 4 айда 13 млн теңге тапқан

Алматы тұрғындары «TikTok» әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы берумен онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған, деп хабарлайды zhaikpress.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

mceu0sjtk9yc0d17kdp0f8p5nxq10y4uc

Фото: popsters.ru

ҚМА қалалық департаменті әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың әрекетін тоқтатты.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық қаражат аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді.

Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған төрт тұлғаға қатысты істі қарауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале