23.05.2022, 10:01
Оқылды: 46

Тіл білгеннің жолы ашық

Елімізде білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде сабақтың құрылымы мен маз­мұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге үйрету – ұстаздардың басты міндеті. Әрі – үлкен жауапкершілік.  Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту.

f7b10017-e939-4dde-9cf5-0e1e52d93bf5

Дарынды балаларға арналған №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп-интернатының ағылшын тілі бірлестігіндегі А.Базарбаева, Д.Айтқалиева, А.Мұқашева, М.Уразалина, Ж.Нұрмахова, А.Еслямова сияқты мұғалімдердің оқушыларға білім берудегі, ағылшын тілін үйретудегі еңбегі зор. Мектеп мұғалімдері 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Orleu National center for Professional development орталығының ұйымдастыруымен «Future English Teacher Development» тақырыбында British Council платформасында біліктіліктерін арттырды. Жұлдыз Нұрмахова мектепішілік ұйымдастырылған «Үздік педагог - 2022» байқауына қатысып, жүлделі III орын алды.

XXI ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру үрдісінде жаңа технологияларды тиімді қолдану – заман талабы. Әсіресе, шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі адам бүкіл бір ұлттың мәдениетін тіл үйрену арқылы үйренеді. Яғни көрсетілген міндеттерді ескере отырып, біз заманауи оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін, басқалармен пікір бөлісетін білімді, адамгершілігі мол, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелейміз. Сабақтың нәтижелі өтуі мұғалімнің ізденісі мен жұмысты ұйымдастыруына байланысты. Ең бастысы, берілген сабақты заман талабына сай дұрыс жоспарлап алу қажет.

Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру балалардың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының артуына септігін тигізеді. Күнделікті жас ұрпаққа білім беру біз үшін үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол заманауи алтын қазынаны табатын өнер көзі екендігіне көзіміз жетті.

Бақтыгүл Құспанова,

дарынды балаларға арналған №11 С.Сейфуллин атындағы

мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале