27.08.2021, 9:30
Оқылды: 60

Тілге арналған байқау 

Жастар мәдениет үйінде БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен «Тіл – тұтастық туы» атты байқау өтті. Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

ecb49e49-039b-49d8-aa78-a9ee42351ff7

Ол ұлттар арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттай отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сөйлеу, ойлау сауаттылығын қалыптастыру, салт-дәстүрлер арқылы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, сөздік қорын байытуды мақсат тұтты. Байқауға  орыс, неміс, шешен-ингуш, татар, украин, әзірбайжан  ұлттарынан және «Тіл – мұра» қоғамдық қозғалысынан құралған  алты команда қатысты. Олар қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы біліктерінен сайысқа түсіп, дәстүрлі тағамдар даярлады. Байқаудың өне бойында пандемияға байланысты сақтық шаралары қатаң сақталды. Тартысты да тартымды өткен байқаудың бас жүлдесін БҚО ҚХА «Тіл – мұра» қоғамдық қозғалысы иеленді. Үшінші орынды Орыс этномәдени бірлестігі мен «Хаймат» неміс бірлестігі, екінші орынды «Еднання» украин қоғамы мен Татар этномәдени бірлестігі,бірінші орынды «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігі мен «Бірлік» әзірбайжан орталығы мүшелерінен құралған «Достық» командасы қанжығаларына байлады. Осынау айтулы шараны Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Рафхат Халелов,

Орал  қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале