19.07.2024, 12:46
Оқылды: 82

Тимофей Скатов Швецияда әлемнің 27-ракеткасын жеңді

Тимофей Скатов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл жөнінде ҚТФ баспасөз қызметі жазды.

CADC88B8-61AA-409E-A483-8619D7B153E3

Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 27-ракеткасы, нидерландылық Таллон Грикспурды жолдан тайдырды.

Бірінші партияда нидерландылық теннисші 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсеткенімен, одан кейін Скатов камбэк жасай алды – 6:3, 6:3.

Осылайша, Скатов өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 додасында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Тимофей жартылай финалға шығу үшін португалиялық Нуну Боргешпен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале