20.01.2023, 18:30
Оқылды: 170

Тірек мектеп: жайлы жағдай, жаңа мүмкіндіктер, бақытты балалар

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы 817 оқушы оқитын және 70 педагог жұмыс істейтін Ақсай тірек мектебінде «Қазақстан халқына» қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» атты кезекті әлеуметтік жобасы бастау алды.

8851E8C2-0C44-434D-A929-650EE520142F

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» – Білім беруді тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы серіктестік бағдарламасы. Жобаның демеушілері - AITAS холдингі, «Қазақстан халқына» қоры және Beeline Қазақстан. Жоба қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және Қазақстанның 17 аймағындағы қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын жоюға бағытталған.
Жобаның стратегиялық мақсаты – тірек мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларының оқытуына арналған «жайлы мектеп» құру, ең бастысы білім беру сапасын көтеруге, үздік педагогикалық технологияларды, білім беру ортасын толықтай жаңа қалыпта енгізуге, заманауи материалдық-техникалық базаны жасауға үлес қосуы.

«Мектебіміз мемлекеттік бағдарламамен қатар шын мәнінде «жайлы мектепке» айналды. Өйткені ауылдағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы бізге сапалы білім алуға, оқушыларды тәрбиелеуге, педагогикалық ұжымның әлеуетін дамытуға, мектепте қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуге шынымен де «қолайлы жағдай» жасауға көмектесті. Біздің ұжым үшін бұл мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуға және мектептіңтәжірибесін жетілдіруге тамаша мүмкіндік. Біз осы жобаның бір бөлігі болғанымызға бақыттымыз», - дейді мектеп директоры Сембиева Гүлмира Талғатқызы.

Ақсай мектебі 27 оқыту кабинеті мен шеберханаларымен жабдықталды. Пәндер және бағыттар бөлігінде оқыту кабинеттерімен қатар мектеп қосымша білім беру кабинеттерімен жабдықталған: STEM-зертханасы, робототехника, АRТ- студиясы, мектеп телестудиясы, зияткерлік холл, оқу шеберханалары, заманауи кітапханабаршылық. Жабдықтауға «Қазақстан халқына» қорының аясында 249,8 миллион теңгеге жуық қаржыландыру жүзеге асырылды.
STEM-зертханалары оқушыларды математика, инженерия, сандық технология және жаратылыстану ғылымдардың білімдерін кеңейтуге қызығушылық танытады.

ART-студиясы мен робототехника кабинетінің пайда болғанына балалар өте риза, мұнда шығармашылық тұрғыдан дамуға, эмоционалдық тұрғыдан күш алуға, өзіндік идеяларын жүзеге асыруға болады және бұл оқу үдерісінің барлық қатысушыларына жағымды оң серпіліс береді.
Қазір Ақсай мектебінде тіпті өз телестудиясы бар, бұл мұғалімдер ұжымына өздерінің және мектептіңтәжірибесін батыс өңіріндегі басқа мектептерге таратуға, цифрлық технологиялар саласындағы біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.

7AE52767-47EE-43F7-913A-23547133C9BC

Жобаның бас серіктесі – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бүгінде мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасына талдау жүргізіп, мұғалімдердің кәсіби қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтады. Зияткерлік мектебінің алаңында Ақсай мектебінің мұғалімдері барлық пәндерден тәжірибелік күндерді өткізді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы тірек мектеп ретінде даму, білім сапасын арттыру, оқытудың заманауи технологияларын енгізуге ұсыныстар әзірлеп, мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курстарын бірге жоспарлады.

«Бұл жобаның бес міндеті бар. Ол – ауыл мектептеріндегі оқыту технологияларын жетілдіру, тірек ауыл мектептерін материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтандыру, тірек мектептердің тәжірибесін өңірдің мектептеріне, оның ішінде шағын жинақты мектептерге дәріптеп енгізу. Төртінші – мектепті ауылдың комьюнити-орталығы ретінде дамыту. Бесінші – қоғамда жаңа мінез-құлқы үлгісін қалыптастыратын дұрыс құндылықтар жүйесі бар қамқоршы қазақтардың қауымдастығын қалыптасуы», – деп, атап өтті «Қазақстан халқына» қорының өкілі Ләззат Алтынбекқызы.

«Тірек мектеп мұғалімдерін қолдауды ғылыми-әдістемелік және сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеуді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жобалық тобы жүзеге асырады. Жобаны асырылуы аясында өңірде жетекші тірек мектептерінің желісін құрастырудағы алғашқы бастамасы болады» – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарушы директоры Айгүл Өмірқызы.

CDD75A1C-B753-436E-BFCF-2368E57ED71E

«Тірек мектеппен танысу – инновациялық кітапхананың тұсаукесерінен басталады. Жұмыс форматы өзгерді. Қазір кітапхана оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін ресурстық және қосымша алаң болып табылады», - деп, өзінің ойымен Білім беруді тұрақты дамыту қорының жетекшісі Данияр Тоқтарбаев бөлісті.

«Ашық есік күні» форматында өткен шараға аудан тұрғындары, жергілікті атқарушы органдардың, БАҚ өкілдері, сонымен қатар жобаның серіктестері мен демеушілері жиналды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале