29.03.2022, 13:00
Оқылды: 62

ТМД Парламенттік ассамблеясы 600-ден астам құжатты әзірлеп, қабылдады – Мәулен Әшімбаев

ТМД Парламенттік Ассамблеясы ұлттық заңнамаларды жетілдіруге үлкен үлес қосып келе жатыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өтіп жатқан ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысында атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

364776B4-DFE1-4AD5-A6D8-91AF5952CC9B

Сенат спикерінің айтуынша, бүгінге дейін Ассамблея 600-ден астам модельді заң мен басқа да құжаттарды әзірлеп, қабылдады. ТМД елдерінің Парламенттері оларды өз мемлекеттерінің құқықтық базасын қалыптастыру кезінде белсенді пайдаланды.

«Ассамблея аясында халықаралық конференциялар мен форумдар тұрақты түрде өтіп келеді. Ондай ауқымды жиындарда көші-қон, экология, терроризм және экстремизммен күрес салалары, сондай-ақ басқа да маңызды бағыттар бойынша бірлескен шаралар талқыланып, әзірленеді. Сондықтан қазіргі таңда ТМД Парламентаралық Ассамблеясын ең тиімді парламентаралық бірлестіктердің бірі деп есептейміз», – деді Сенат Төрағасы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале