15.08.2024, 16:45
Оқылды: 125

TOP-5: Қазақстанның ең көп суармалы су пайдаланатын аймақтары

ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның ең көп суармалы су пайдаланатын аймақтарының рейтінгін жариялады.

cdc79bff514743edc7757f0d9a4d55cd_1280x720

Фото: ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі

5. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ – 480 МЛН ТЕКШЕ МЕТР
Суару кезеңі басталғалы Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы өңір дихандарына 480 млн текше метр су берді. Филиал шаруалармен суармалы су беру туралы 2740 келісімшарт жасады. Бүгінгі таңда 44,86 мың гектар егіс алқабына су беріледі.

4. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ – 665 МЛН ТЕКШЕ МЕТР
Биылға вегетация кезеңінде Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы суармалы жерлерге 665 млн текше метр су берді. Бүгінгі таңда мекеме келісімшартқа отырған 3808 шаруаны тұрақты түрде сумен қамтып отыр. Филиал каналдары арқылы облыстың 90,15 мың гектар жері суарылады.

3. ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ – 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР
Сәуір айынан бері Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жергілікті шаруаларды 847 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті. Филиал 127,9 мың гектар егіс алқабына су беру жөнінде шаруалармен 8003 келісімшарт жасады.

2. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – 2,23 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару маусымында өңірдегі егіс алқаптарына 2,23 млрд текше метр су жеткізді. Вегетация кезіңіне дейін 7055 шаруамен келісімшарт жасалған болатын. Бүгінгі таңда филиал 265,1 мың гектар жерді суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіп отыр.

1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ – 3,36 МЛРД ТЕКШЕ МЕТР
Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы биыл дихандарға 3,36 млрд текше метр суармалы су берді. Мекеме дихандармен 965 келісімшарт жасаған. Бүгінгі таңда филиалдың каналдары 127,4 мың гектар алқапты сумен қамтамасыз етуде.

Жедел ақпаратқа сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 7,58 млрд текше метрден артық су берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале