18-22 қараша аралығында Павлодар қаласында тоғызқұмалақтың блиц түрінен ерлер арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеге еліміздің 14 облысынан спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан облысы құрама командасының мүшелері жүлделі орындарға ие болды. Нəтижесінде Матылов Сайлан чемпион атанса, Сағынбаев Жарасхан жəне Қайыржанов Əсет үшінші орындарға ие болды.
Жеңіс тұғырына шыққан 4 спортшының үшеуі Батыс Қазақстан облысы құрамасының мүшелері екенін айта кеткен жөн. Мұндай жетістік тоғызқұмалақ тарихында бұрын-сонды болмады дейді жарыс ұйымдастырушылары.
Айта кетелік, аталмыш жарыста 1 жəне 2 орын алған тоғызқұмалақшылар әлем чемпионатына жолдама алды.
Естеріңізге сала кетейік, тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты елордамыз Астана қаласында 2017 жылы өтетін болады.