ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында бизнесті қолдауға арналға мемлекеттік шаралардың кемшіліктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігі туралы әділ сұрақтар туындап жатыр. Қалыптасқан жүйе негізінен ірі құрылымдарға «достарға –бәрі, қалғандарына – заң бойынша» қағидатымен қызмет көрсетуге бағдарланған. Шын мәнінде қазіргі жүйе экономикадағы олигаполияны одан әрі күшейтеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.
Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан.
Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді. «Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», -деген болатын Мемлекет басшысы.