28.02.2022, 14:46
Оқылды: 33

Токио мен 9 префектурада COVID-9-ға байланысты  төтенше жағдай мерзімі ұзартылмақ

Жапония Токио мен тоғыз префектура үшін COVID-19-ға байланысты төтенше жағдайды 6 наурызда жоспарланған аяқталу күнінен кейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

220228093539654e

Қазіргі уақытта Жапонияның 47 префектурасының 31-інде мейрамханалар мен барлардың жұмыс уақытына шектеу қоюды және префектуралар арасында маңызды емес сапарлардан бас тартуды талап ететін төтенше жағдай 6 наурызға дейін жалғасатын болады.

Ал төтенше жағдай шараларын ел үкіметі Токиодан басқа Сайтама, Чиба, Канагава, Гифу, Айчи, Мие, Киото, Осака және Хиого префектураларына енгізуді қарастыруда.

Жапонияда жексенбіде 63,000-нан астам жаңа коронавирус жағдайы тіркелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале