13.09.2023, 15:30
Оқылды: 50

Толассыз жаңбыр: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖП

Республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жел соғып, жаңбыр жауады. Алдағы күндері шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте елдің солтүстік-батысында толассыз жаңбыр күтіледі.

Бүкіл кезеңде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын шашын жауады деп болжанып отыр.

«Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-10 градус, күндіз 13-20 градус, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градус, күндіз 18-25 градус жылы болады», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале