12.01.2024, 10:32
Оқылды: 4

Томас-Вильямның қазақ ақындарына берген бағасы

Белгілі ағылшын саяхатшысы, суретші және сәулетші Томас-Вильям 1844 жылы сапарға шығып Орал арқылы Алтайға жетіп, одан қазақ даласына өтіп Алатауға келеді.

qazaq_zhyraularyn_din_nasihatshysy_bolghan_ba-750x375

Фото: https: kazislam.kz

Қазақ даласын жеті жылға жуық аралаған Томас-Вильям отанына оралған соң түрлі суреттермен безендірген «Средняя Азия и Западная Сибир» (1857) және «Путешествие по Амуру» (1860) атты еңбегін шығарады.

Онда Томас-Вильям: «Аягөзден шығып біз сапарымызды әр жерде мал жайылып жүрген далада жалғастырдық. Екі сағаттан кейін бізді үлкен құрметпен қарсы алған Сырдақ байдың ауылына жеттік. Таза шөптің үстіне бізге арнап киіз үй тігіліп, ішінде Бұхар кілемдері төселген. Даяшылар шай мен өрік-мейізді әкелді, ол нанның орнына жеуге келеді екен. Біз шай ішіп болғанша, қой сойылып, біраздан соң ағаш табақпен піскен ет пен күріш ұсынылды» деп жазады.

Ол сондай-ақ, қазақ ақындары: «Келесі күні сапарымнан қайтып келсем бай үй ішімен бірге киіз үйдің кіре берісінде бұрынғы замандардағы батырлардың ерліктерін жырлап жатқан ақынды тыңдап отыр екен. Отырғандардың барлығы ақынды зер сала тыңдауда, кезінде Гомердің өзі мұндай ықыласқа бөленбеген шығар деп ойладым. Қырғыз  ақыны өз халқының ортасында гректердің арасындағы Гомер сияқты, әжептәуір беделге ие» деп, қазақтар арасында ақындардың беделінің зор екенін аңғартады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале