27.06.2023, 15:00
Оқылды: 41

TopIQ-мен жарқын болашаққа қадам

ХХІ ғасыр-жаңа технологиялар мен жаңа ұрпақтың ғасыры. Мен осындай өркендеу ғасырында дүниеге келген жаңа буын өкілімін. Менің болашағым - өз қолымда. Заманауи технологиялардың белең алған тұсында білім алу да біз үшін қолжетімді.

ea6c3782-d9be-4cfb-8f13-5f04a35d4867

Олай дейтінім, мектепте өткізілген әр сабақ мен үшін болашаққа бастар жаңа қадам. Ұстаздарым пайдаланатын білім берудің  түрлі платформалары-цифрлы Қазақстанның бір көрінісі. Соның ішінде мен үшін, отандық тұңғыш платформа TopIQ-дың маңызы ерекше. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде смартфондарды тиімді пайдалана аласың. Мен үшін «ауыр сөмкенің» орынын  алмастырған жеңіл гаджеттің пайдалы нәрсеге жарағанына қуаныштымын. Электрондық оқулық жаңа тақырыпты, ақпаратты меңгеруіме, өз-өзімді бағалауыма, алған білімді өмірде қолдана алуыма көп септігін тигізді. Жаратылыстану пәні мұғалімі Азония Тұраққызы TopIQ  электрондық платформасынан «Экожүйе түрлері», «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі» тақырыптарында суреттер арқылы экожүйе түрлерін анықтап, жануарлармен өсімдіктер туралы қызықты мәліметтермен танысып, аудио, видео файлдарды пайдаланып, жеке, топтық жұмыстарды құрбыларым қызығушылықпен бәсекелесе орындадық. Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалау тапсырмасын ROQED тақтасында Сезім екеуміз сәйкестендіру жұмысын тез орындап, өте жақсы баға алдық.  Жыл аяғында екеумізде өте жақсы бағаға шықтық.

   «Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауының «Саяхат туралы арман» номинациясы бойынша қатысып ІІ орын иелендім, сыныптасым Майлықұл Еларыс аудандық «Құстарға үй сыйлайық» халықаралық құстар күніне арналған экологиялық акцияға қатысып І орынға ие болды. Осындай жетістіктерге жетуіміз TopIQ электрондық платформасының арқасы деп білемін.

  Цифрлық оқулықтар  платформасы арқылы жаңадан жаңаны үйреніп, білім қоржынымды толтырып, сыныптастарыммен  білім әлеміне бірге саяхат жасауда TopIQ - платформасының орны ерекше деп ойлаймын.

 

     Батыс Қазақстан облысы,

   Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы

мектеп-бөбекжай кешенінің  5-сынып оқушысы

Юнат Нұрасыл Асылбекұлы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале