Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай режимі 24 шілдеге дейін ұзартылады деген ролик тарап кетті.
Роликте «Хабар24» телеарнасы эфирінде өткен сюжеттің үзіндісі алынған. Сюжетте Франциядағы коронавирус жағдайына байланысты карантин мерзімі ұзартылатыны хабарланған болатын. Әдейі қысқартылған сюжетте ақпараттың мазмұны өзгертілген. Фейк ақпарат таратушылар Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалған ақпаратты таратқандарға жауапкершілік қарастырылғанын естен шығарып алған сыңайлы.
zhaikpress.kz