Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын аяқтап, өңірдің көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды.

Сурет: gov.kz
Инспекцияның екінші күні аясында ведомство басшысы Бөрлі ауданына барып, су тасқыны қаупі бар учаскелерді, салынған бөгендердің ұзындығы мен беріктігін, сондай-ақ тез салынатын бастиондарды қарап шықты.

"Су тасқыны кезеңінің салдарын болдырмау үшін монтаждау-құрылыс іс-шараларын қоса алғанда, бірқатар күрделі және ауқымды жұмыстар жүргізілді. Су тасқынына қарсы барлық шаралар уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылуы маңызды", - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.
Министр жергілікті қызметтерге қауіпті аймақтарға ерекше назар аудара отырып, су тасқынына дайындықты жедел аяқтауды тапсырды.