Түркістан қаласында 2 күнге созылған триатлоннан Азия кубогі аяқталды. Жарыс кезінде Қазақстан, Өзбекстан, Германия, Сингапур, Қызғызстан, Беларусьтан келген атлеттер ересектер (элит) және жасөспірімдер санатында кім мықтыны анықтады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Ерлер, элит:
1. Никита Кацианеу (Беларусь) 01:54:33 секунд
2. Темірлан Теміров (Қазақстан) 01:54:36
3. Джереми Куиндос (Өзбекстан) 01:54:42
Бұл жарыста Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы Аян Бейсенбаев 4-орын алды (01:54:48 секунд).
Әйелдер, элит:
1. Алина Хакимова (Өзбекстан) 02:15:16 секунд
2. Софи Гиссманн (Германия) 02:15:59
3. Луиза Мари Миддлдич (Сингапур) 02:19:15
Айта кетейік, элит санатындағы спортшылар 1500 метр жүзуден, 40 шақырым веложарыстан, 10 шақырым жүгіруден жарысты.
Жасөспірімдер:
1. Әли Жанат (Қазақстан)
2. Қуаныш Бекенов (Қазақстан)
3. Никита Дубинский (Қазақстан)
Қыздар:
1. Диана Ержанова (Қазақстан)
2. Анель Исабаева (Қазақстан)
3. Юлияна Петрова (Қазақстан)
Бұл жас санатына 750 метрге жүзу, 20 шақырым веложарыс, 5 шақырым жүгіру кірді.
Спортшылар Азия кубогінде алған орнына сай әлем рейтингінде ұпайға ие болады.