Елімізде алғаш рет перфоманс бағытында бейнебаян жарыққа шықты. Оралдағы облыстық камералық оркестрдің музыкалық картинасы “999 сөз” деген атауды иеленген. Бұл — оркестр ұжымының 10 жылдық мерейтойға және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көрерменге тартуы.
Жалпы, өнердің авангардтық бағыты, «перфоманс» термині алғаш рет композитор Дж. Кейдждің 1952 жылы концертінің афишасында қолданылған екен. Видео-арт стиліндегі туындыға Билл Уйлленнің «Танец огня» музыкасы арқау болды. Перфоманс авторы әрі бейнебаян режиссері - театр режиссері Гауһар Адай.
zhaikpress.kz