Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау» жеке қоры мемлекетіміздің ғалымдары, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері, жастардың қатысуымен Республикалық «Елбасы – ерен тұлға» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онлайн конференция ұйымдастырды.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Президентінің архиві директордың орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Қайрат Шәкәрімұлы Әлімғазинов (Алматы қаласы), Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Төлепұлы Айтпукешев, ҚР Ұлттық музейі "Қазақстан тарихы" бөлімінің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты - Гиззатов Саялбек Махамбетұлы (Нұр-сұлтан қаласы), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің проректоры, профессор, география ғылымдарының кандидаты Кажымұрат Мақсотұлы Ахмеденов, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Ерболат Рысқалиұлы Исанов сөз сөйледі.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының егемендік жолын қалыптастырудағы Тұңғыш Президенттің ролі, Президент архивінде осы жолда әзірленген құжаттардың сақталуы туралы және олардың маңыздылығы, болашағымыздың қалыптасуына үлес қосып жүрген Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмысы, ҚР Ұлттық музейінде осы мейрамға байланысты өтіп жатқан көрмелер және кездесулер, М.Өтемісов атындағы БҚУ-да өткен шаралар туралы айтылды.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы, көрегендігі, сындарлы және жауапты шешімдерінің арқасында Қазақстан ұлттық келісімді, тарихи және мәдени дәстүрлерді сақтап, қуатты экономика құрды. Тұңғыш Президенттің көмегімен Тәуелсіз мемлекет дамып, бүгінде сындарлы болашаққа сеніммен қадам басуда», - деп тоқталып өтті Е.Исанов.
Т.Есентемір