25.11.2020, 11:24
Оқылды: 18

Тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді

Тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Тоқаев

«Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру, бос уақытты тиімді пайдалану, шығармашылық қабілетті дамыту мәселелері шешімін табады. Барлық мектепте спортпен және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі біліммен толық қамтылуға тиіс екендігін баса айтты.

«Осы ретте тұрғылықты жеріне қарамастан баланың бәріне бірдей көңіл бөлінеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале