15.02.2022, 9:30
Оқылды: 48

Тұрғын үй нарығында жетекші құрылыс салушылардың үстемдік етуі күшеюде

Тұрғын үй нарығында жетекші құрылыс салушылардың үстемдік етуі күшеюде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9292422_8_0_1600_900_600x0_80_0_0_057178c1755a2f73afad05833f2d17a1

«Агенттіктің 2021 жылы тұрғын үй нарығында жүргізген талдауы көрсеткендей, көптеген өңірлерде тұрғын үйді өткізу нарығының шоғырлануы жоғары. Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында - шоғырлануы орташа. Алматы қаласында – I және II санатты тұрғын үйді өткізу нарығының шоғырлануы жоғары, ал, III және IV санатты - орташа. Нұр-Сұлтан қаласында үлестік құрылыс нарығының шоғырлануы жоғары. Онда BI Group холдингінің бір ғана құрылыс салушысының үлесі 60 пайыздан асады», - деді агенттік төрағасы.

Бұл ретте ол жыл сайын тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғаюы 10 пайыздан астам болып отырғанын айтады.

«Алайда, нарықты дамытудың орнына, оның ойыншыларының саны артып, жетекші құрылыс салушылардың үстемдік етуі күшеюде. Нәтижесінде, соңғы бес жылда бастапқы тұрғын үй бағаларының жылдық индексінің өсуі 1,3-тен 16,6 пайызды құрады. Бастапқы тұрғын үй бағасының өсу серпінінің 12 еседен астам ұлғаюы құрылыс нарығының монополиялануының негізгі нәтижесі саналады», - деді Серік Жұманғарин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале