1.02.2022, 11:45
Оқылды: 40

Тұрғын үй субсидиясы: Баспана жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет төлейді

Елімізде баспана кезегінде тұрған 590 мың адамның 210 мыңы әлеуметтік санатқа жатады. Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай дерек келтірді, хабарлайды ҚазАқпарат.

200914184339926a3694493i

«Бүгінгі күні елімізде шамамен 590 мың адам кезекте тұр, соның ішінде 210 мың адам халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатады. Бұл көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар. Соның ішінде Еңбек министрлігі базасының деректеріне сәйкес табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен шамамен 70 мың азамат қысқа мерзім ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді министр.

Оның айтуынша, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй жалдау төлемдерін беретін оператор «Отбасы банкі» болып белгіленген. «Банк кезекте тұрған адамдарды тұрғын үйге мұқтаждығы өлшемшарты бойынша ақпараттық жүйе арқылы тексереді. Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Жалдау ақысы мынадай тәртіппен субсидияланбақ: - 50 % мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылады; - қалған 50 % алушы өз бетінше төлейді. «70 мың азаматқа қолдау көрсету үшін 50 млрд теңге қажет, бұл ретте көрсетілген қаражат жыл сайын кезекте тұрған адамдар санына байланысты өзгеруі мүмкін», - деді ведомство басшысы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале