Орал қаласындағы №434 сайлау учаскесіне тұрғындар елең-алаңнан келе бастапты. Учаскеде 2 200-ден астам сайлаушы бар.
– Қазіргі таңда айналасы екі сағаттың ішіде 60-қа жуық сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. Олардың қатарында 18 жасқа толып, тұңғыш рет сайлауға келген тұрғын болды. Жалпы учаске тұрғындары белсенді. Өткен Президент сайлауында осы учаскеде тұратын тұрғындардың 80 пайызы келді. Биыл да сол үдеден шығамыз деп ойлаймыз. Ең бірінші келген сайлаушыға сыйлығымызды бердік, - дейді №434 сайлау учаскесінің төрайымы Алмагүл Қалимова.
Аты-жөнін айтқысы келмеген зейнеткер ағамыз еліміздегі әр өзгеріске жауапкершілікпен, әрі үлкен үмітпен қарайтынын айтып қалды.
Мәжіліске лайықты депутатқа таңдауын жасап, келіспейтіндеріне қарсымын деп белгі қойғанын жасырмады.
Гүлжамал Жолдығали