21.04.2025, 21:00
Оқылды: 226

Тұрғындар өтінішін тыңдау мақсатында партиялық бақылау комиссиясы отырысы өтті

Бүгін облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне ұжымдық өтінішпен келген кәсіпкерлер сұрағы негізінде «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы отырысы өткізілді.

ed7fa73b-2c94-4644-87be-1fd9b0cdd1c8

Орал қаласының орталық базар аумағында заңсыз сауда жүргізушілерге қатысты ұжымдық өтінішпен келген кәсіпкерлер өз шағымдарын облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне жеткізді. Аталған сұраққа қатысты партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысына Орал қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы М.Хайров, Көші-қон қызметі басқармасы бастығының м.а. полиция майоры Р.Қуанов, Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.Кереева қатысты.
​«Орталық базар аумағында сауда жасап жүргеніме 8 жылдан астам уақыт болды. Осы аралықта әртүрлі қиындықтар да кездесті, оған қарамастан заңды түрде «Мирлан» базары павильонында, уақытылы салығымызды төлеп, сауда жасап келеміз. Біздің сұрауымыз біреу ғана – барлық саудагерлерге заң бірдей болса деп сұраймыз. Базардың аулаларында сауда жасайтын адамдарға адами тұрғыда ешнәрсе айтпаймыз, тек халық барлық сауданы заңды түрде кәсіппен айналысатындардан алса деп айтқымыз келеді. Бұл халық арасында жабайы сауда аталып кеткен нүктелерге қатысты біздің ойымыз», - деді кәсіп иесі.

bf58ee54-f0ef-4400-8405-26990a1bae3d
​Қала аумағындағы кәсіпкерлік нысандарының қызметі туралы мемлекеттік мекеме өкілдерінің баяндамалары тыңдалып, комиссия мүшелерінің ұсынбалары негізінде алдағы уақытта екінші тарап қатысуымен комиссия отырысы өткізілуі қажет деп танылды. Сонымен қатар отырысқа жергілікті полиция департаментінің базар аумақтарында бейнебақылау камераларының және полиция қызметкерлерінің дүңгіршегін орнату мүмкіндіктері, шешілу жолдары көрсетілуі тиіс екені анықталды.
​Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды дамыту және сапасын жақсарту мәселелері қаралды. Өңірдегі жол мәселесіне қатысты отырысқа қатысушы аудандық филиал атқарушы хатшылары мен мәслихат депутаттары тарапынан қойылған сұрақтарға Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Залмуканов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры А.Мардан облыстық, республикалық маңызды бар жолдардың жөнделу, қалыпқа келтіру, салыну мәселелері бойынша тоқталып өтті.

81b660e4-901f-497e-84e8-31a8d9fa827f
​«Бүгінгі комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Орталық базар аумағындағы заңсыз саудамен айналысу мәселесі көп уақыттан бері өзекті. Енді бүгін бір тарапты тыңдап отырмыз, алдағы уақытта екінші тарапты да тыңдап, шешу жолдарын қарастырамыз. Өз кезегімізде бүгін комиссия мүшелерімен бірлесіп, қалалық мәслихат депутаттары бар мемлекеттік мекемелер өкілдеріне өз ұсынбаларымызды бердік. Алдағы уақытта кезектен тыс отырыс шақыртылып, мәселені оң шешеміз деген сенімдеміз», - деді комиссия төрағасының орынбасары Н.Рахымжанов.

Зарина Каирова
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале