1.02.2023, 9:15
Оқылды: 67

Тұрғындар саны 50-ге жетпейтін 448 ауыл бар

Қазақстанда тұрғындарының саны 50-ден аз қалған 448 ауыл бар. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған «Қолжетімді инетернет» ұлттық жобасының мәтінінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230201-WA0000

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған мәлімет бойынша, елдегі 6290 ауылдың 108-інде ғана халқының саны 10 мыңнан асады.

«Қазақстанда халықтың тығыздығы бір шаршы километрге 7 адамнан кем. Бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. (19 миллион тұрғыны бар, аумағы бойынша 9-орын). Сондай-ақ ауылдық елді мекендердің Қазақстан аумағында бытырай орналасуы коммерциялық қызметті байланыс операторлары үшін экономикалық жағынан тартымды емес», - делінген құжатта.

Министрлік мамандарының ауыл халқыны санына соншалық шүйлігіп қарауында мынандай себеп бар.

«Байланыс операторлары үшін байланыс инфрақұрылымын дамытуға, оның ішінде халық саны 250 адамнан кем ауылдық елді мекендерге интернетке қол жеткізуге инвестиция салу экономикалық тұрғыда тиімді емес», - деп жазады жоба авторлары.

Сонымен Қазақстандағы 6290 ауылдың халқының саны мынандай:

Screenshot_20230201-020810_Chrome

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале