17.08.2024, 9:00
Оқылды: 210

Тұрғындарға 39 млн теңге шығын келтірген әккі алаяқ ұсталды

Қарағандыда пәтерге күрделі жөндеу жүргіземіз деп елді алдап, 39 миллионнан астам шығын келтірген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ЖП (жаңа фото)

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жастағы азаматшаны ұстады.

Қала тұрғыны өзін фирма өкілі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге пәтерлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп хабарлама берген. Олар өздерінің жұмысын арзан бағаға қойған.

Аталған ақпарат жөндеу жасамақшы болған бірқатар қала тұрғындарының назарын аударған. Алайда, тұрғындар жарнама берушінің жөндеу жасау үшін алдын ала ақы төлеу керек екеніне еш күдіктенбеген.

Бір тұрғын оған алдын ала 3 миллион теңге ақша аударса, екінші жағдайда қала тұрғыны 1 миллион 500 мың алдын ала ақша жіберген. Жәбірленушілер жарнама берушінің есеп-шотына бірнеше мыңдап қаражат аударған. Ақшаны алып алған алаяқ олармен байланысын үзіп, із-түссіз жоғалған.

Полиция қызметкерлері әккі алаяқты қолға түсіріп, оның осыған ұқсас 27 қылмысқа қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 39 миллион 400 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іске нүкте қойылып, іс сотқа жолданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале