19.03.2025, 15:45
Оқылды: 75

Тұрғындарға шақыру таратылуда

Кеше Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Давлетжанов саяси науқан өтетін №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі аумағында орналасқан пәтер иелері кооперативтері (ПИК), мүлік иелері бірлестіктері (МИБ), қарапайым серіктестік (ҚС) төрағаларымен, учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен кездесу өткізді.

WhatsApp Image 2025-03-19 at 16.39.48

Басқосуда комиссия төрағасы сайлау науқанын ұйымдастырудағы басты мәселелерге тоқталып өтті.
-Осыған дейін өткен сайлауларда тұрғындар үміткерлердің кімдер екендігі, олардың өмірдерегінен, сайлауалды бағдарламалары туралы мәліметтер таратылмайтындығын айтып, шағымданатын жағдайлар кездескен еді. Бұл жолы сол олқылықты жою мақсатында сайлаушыларға саяси науқанға шақырумен қатар кандидаттар туралы барлық деректер жазылған жадынаманы таратуды қолға алдық. Осы аумақта орналасқан УСК лар шақыру тарату жұмыстарына күні бүгін қызу кірісіп те кетті. Осындай науқан кезінде пәтер иелері кооперативтері (ПИК), мүлік иелері бірлестіктері (МИБ), қарапайым серіктестік (ҚС) төрағалары, сіздермен бірлесіп жұмыс жасасақ дейміз. Учаскелік комиссия мүшелері шақыру таратқан кезде әсіресе көп қабатты тұрғын үйлерге кірудің қиындық туғызатынын жие айтады. Осы кезеңде сіздермен бірлесе жұмыс жасап, шақыруды барынша кеңінен таратсақ, - деді М.Давлетжанов.

WhatsApp Image 2025-03-19 at 16.42.04

Басқосуға қатысқан ПИК, МИД, ҚС төрағалары бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.

WhatsApp Image 2025-03-19 at 16.42.40

Олардың айтуынша, күнделікті атқарылатын ағымдағы жұмыстарда осы аумақтан сайланған қалалық мәслихат депутатының қолдауы ауадай қажет. Сол себепті тұрғындардың дұрыс таңдау жасауы үшін барынша бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін айтты.

Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале