16.01.2025, 10:45
Оқылды: 245

Туриндегі универсиада: жарыстың үш күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында алты медаль бар

Туринде XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада өтіп жатыр. Ел намысын биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы жарысынан 103 спортшы қорғайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі жазды.

67889dd2db128165651236

Сурет: ortcom.kz

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасында хоккейден жарысқа қатысады. Универсиаданың үш күнінің қорытындысы бойынша ел қоржынына 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль түсті.

Қазақ спорт және туризм академиясының 3 курс студенті Анастасия Городко 2025 жылғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды, ол фристайл-могулдан және параллель могулдан жарыстарда «алтын» жеңіп алды.

Парашаңғышылар арасында 10 км еркін жүрістен Денис Зинов, сондай-ақ параллель могулдан Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев күміс жүлде иеленді.

Шаңғы жарысынан 10 км еркін жүрісте Роман Курбанов қола медаль алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале